Тайвань маңында екі рет жер сілкінді

0
850

Сағат 02:49-да дәл осы ауданда магнитудасы 5,3 болатын жерасты дүмпулері тіркелді.


Тайвань маңында екі рет жер сілкінді

ERNUR.KZ. Қытайлық сейсмологтар Тайвань аралының маңында екі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады kaz.inform.kz.



Сенбі күні Бейжің уақытымен сағат 02:21-де Тайваньның Хуалянь округіне жақын теңіз аймағында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік бойынша 24,08, шығыс бойлық бойынша 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 30 км тереңдікте жатыр.

Сағат 02:49-да дәл осы ауданда магнитудасы 5,3 болатын жерасты дүмпулері тіркелді.

Мұндағы жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендікте 24,21 градус, шығыс бойлықта 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 27 км тереңдікте.

Бұған дейін сәуір айының басында Тайвань жағалауында магнитудасы 6,5-ке дейін жететін 20-дан астам жер сілкінісі тіркеліп, салдарынан 13 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.