Агенттіктің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 14:44-те Тайвань аралында 6,9 балдық жер сілкінісі тіркелген.
ERNUR.KZ. Жексенбі күні Тайваньда 6,9 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады inform.kz.
Агенттіктің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 14:44-те Тайвань аралында 6,9 балдық жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Хуалинь уезінде орналасқан. Тереңдігі - 10 км.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сенбі күні кешке Тайвань аралындағы Тайдун уезінде 6,5 балдық жер сілкінісі болды. Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 13:22-де Тайвань метеорологиялық агенттігі негізгі жер сілкінісінен кейін 60-тан астам жер сілкінісін тіркеді.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні болған жер асты дүмпулері салдарынан округтің кейбір тұрғын аудандарында электр қуаты сөндірілген. Гаосюн қаласында метрополитен жұмысы толығымен тоқтатылды.