Тауда адасқан турист 10 күн бойы тіс пастасын жеген

0
190

Сунь Лян жанын сақтау үшін өзен суын ішіп, 10 күн бойы тіс пастасын жеген.


Тауда адасқан турист 10 күн бойы тіс пастасын жеген

ERNUR.KZ. 18 жастағы Сунь Лян тауда адасып, 10 күн бойы жалғыз қалған, деп жазады baq.kz.

Жас саяхатшы Шэньси провинциясындағы Циньлин тау жотасы арқылы 170 шақырымдық маршрутты бағындырмақшы болған. Бірақ екі күннен соң смартфонының қуаты таусылып, байланыс үзілген. Ол өзен жағасымен жүруге тырысқан, бірақ бірнеше рет құлап, мертігіп қалған.

Сунь Лян жанын сақтау үшін өзен суын ішіп, 10 күн бойы тіс пастасын жеген. Оны іздеуге 30-дан астам құтқарушы жұмылдырылды. 10 күннен кейін олар туристі тауып, құтқарып алды.

Сунь Лян өзінің басынан өткен қиындықтар туралы былай деді:

Бұл жер мүлде жаяу серуендеуге арналмаған. Желдің қатты болғаны соншалық, тіпті екі альпенштогыммен де орнымда тұра алмадым, - дейді ол.

Күн райының тұрақсыздығы мен күрделі рельефіне байланысты бұл тау жолы Қытайдағы ең қауіпті бес туристік маршруттың қатарына кіреді. Соңғы 20 жылда 50-ден астам саяхатшы осы жолда жоғалып кеткен.