Теңіз дауылынан қашқан Таиландтағы туристер аралдарда адасып кеткен - БАҚ

0
2 152

Бұл, муссондар маусымынан тыс мезгілде Таиландқа соңғы 30 жылда төнген алғашқы тропикалық дауыл.


Теңіз дауылынан қашқан Таиландтағы туристер аралдарда адасып кеткен - БАҚ

ERNUR.KZ. «Пабук» тропикалық дауылының жақындауына байланысты мыңдаған турист Таиландтың курортты аймақтарынан кетіп жатыр. Дауыл өзімен бірге нөсер жауын, құйынды жел және 22 футтық толқын әкеледі деп күтілуде. Бұл туралы бейсенбі күні ел шенеуніктері мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Осы уақытта Таиландтың Ко Панган, Ко Тао және Самуи курорттық аймақтары толығымен дерлік босап қалған. Туристер жүктерін паромдарға тиеп, континенталдық Таиландқа жетіп үлгеруге асыққан. Жергілікті биліктің бағалауынша, континенталдық Таиландқа 50 мыңға жуық демалушы бет алған. Бірақ, көпшіліктің айтуынша, олар аралдарда адасып кеткен. Бұл, муссондар маусымынан тыс мезгілде Таиландқа соңғы 30 жылда төнген алғашқы тропикалық дауыл.

«Пабуктың» аралдарға жұма күні кешке жететіні болжануда. Адамдарды эвакуациялау туралы ресми бұйрық болған жоқ. Алайда туристер қауіпті аймақты өз беттерімен тастап кетуде. Дауыл елдің оңтүстік аймақтарында, соның ішінде Андаман теңізінің Краби және Малайзиямен шекаралас оңтүстік провинциялар - Паттани, Наратхиват және Ялада туристік аймақтарында күтіліп отыр.