Террористер турист қыздардың бірінің басын кесіп, екіншісін бауыздап тастады

0
1 088

Террористер турист қыздың басын кесіп жатқанда "Бұл Сирия үшін!" деп айқайлаған


Террористер турист қыздардың бірінің басын кесіп, екіншісін бауыздап тастады

ERNUR.KZ. Мароккода экстремистер турист қыздың басып кесіп алып, оның құрбысының тамағынан орып жіберген, қаскүнемдер мұның бәрін видеоға түсіріп алған, деп жазады sputniknews.

24 жастағы даниялық Луиза Вестерагер Йесперсен мен 28 жастағы норвегиялық Марен Уеландтың мәйіті Имлиль елді мекеніне жақын маңдағы таулардан табылған. Оларды жергілікті тұрғын тауып алған.

"Мен полиция келгенге кейін екі мәйітті көрдім. Бірі шатырда, бірі сыртта жатты. Сырттағысының басын кесіп алған", — деді жеке басының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін атаудан бас тартқан тұрғын.

Қыздарды соңғы рет Марракеш қаласындағы Faouzi қонақүйінің қызметкерлері көрген.

"Олар таңғы 10-да келіп, қонақ үйде түнеді. Олар бесеу еді. Бәрі турист. Келесі күні таңертең үшеуі серфингке (суда сырғанау) кетті, қалған екеуі – Луиза мен Марен заттарын қалдырып, қалаға аттанды", — деп түсіндірді қонақүй қызметкері.

Оның айтуынша, қыздар кешке қонақүйге қайтып оралған кезде жергілікті үш жігіт еріп келген.

"Заттарын алып кету үшін сағат бесте қайта оралды. Оларды үш марокколық күтіп тұрды. Ұқыпты киінген, қылмыскерлерге ұқсамайды", — деп толықтырды ол.

Осыдан кейін қыздар қонақүйден жергілікті тұрғындармен бірге кетіп, содан бері ешкім көрмеген.

Полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Марокко билігі олардың бірі экстремист екенін растады.

Дания үкіметі видеода ер адамның "Бұл Сирия үшін!" деп айқайлап жатқаны естілетіндіктен, қанды оқиғаға "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мүшелерінің қатысы бар екеніне сенімді.