Түркіменстанда әлі күнге дейін коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген

0
675

Әлем бойынша коронавирустың таралауына қарамастан бұл елде бірде-бір індет жұқтырғандар тіркелмепті.


Түркіменстанда әлі күнге дейін коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген

ERNUR.KZ. Түркіменстан Қазақстанның вакциналау төлқұжатын мойындауы мүмкін, деп жазады 24.kz.

Әлем бойынша коронавирустың таралауына қарамастан бұл елде бірде-бір індет жұқтырғандар тіркелмепті. Мұндай ақпаратты осы елдің Қазақстандағы елшісі Батыр Реджепов растады. Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа арналған брифинг барысында аталған дипломат екі ел арасындағы келісімдерге де тоқталды.

Оның айтуынша, бұған дейін екі ел Каспий теңізінің түбін өзара бөлу мен Қазақ-Түркімен мемлекеттік шекарасын межелеу туралы келісімдерге келген. Бұдан бөлек келер жылы біздің елде Түркіменстанның мәдениет күндері өтетінін жеткізді.

Сонымен қатар Ашхабадта қазақстандық ковид-төлқұжаттарды мойындау жағы да, қарастырылып жатқанын айтты. Бұл іс бойынша осыған дейін екіжақты кездесу де өткен.

"Аталған мәселе бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл біз екі елдің Денсаулық сақтау министрліктерінің өзара кездесуін өткізіп, нақты басымдықтарды белгіледік", – деді Түркіменстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Батыр Реджепов.