Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Түркияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 26099 жаңа жағдай тіркелді, бұл 24 қарашадан бастап рекордтық деңгейдегі көрсеткіш болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. Министрдің мәліметінше, кейінгі тәулікте 362 535 тест жасалып, 26 099 адам короновирус жұқтырғаны белгілі болған, сондай-ақ, 157 адам қайтыс болған. Саясаткер жұқтырғандар санының артуы жаңа омикрон штамының таралуымен байланысты деп санайды.
"Омикрон" басқа нұсқаларға қарағанда тез таралады. Елімізде саны артуы мүмкін", - деп мәлімдеді Коджа.