Украина президентігіне үмітті Владимир Зеленский, сауалнама қортындысы бойынша Петр Порошенкодан озып тұр.
ERNUR.KZ Актёр, комик, шоумен Владимир Зеленскийдің Украина президенті болуына барлық мүмкіндігі бар, деп жазады Euronews.com.
"Рейтинг" әлеуметтік тобы жүргізген сауалнама қортындысында Зеленский, қазіргі ПрезидентПорошенконы басып озған. Нақтырақ айтқанда, сауалнамаға қатысушылар саясатқа енді ғана қадам басқан актерға 60,8%, ал Петр Порошенко бар-жоғы 24,4% дауыс беруге дайын екенін білдірді.
Бұл президент сайлауының екінші кезеңі алдында жүргізілген бірінші сауалнама. Қазір Владимир Зеленский Украинаның шығысы мен оңтүстігінде, орталығында Порошенкодан басым болып тұр. Ал, батыс аймақта Порошенкомен бәселес болып отыр.
Айта кетейік, Украинада президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуір күні өтеді.