Көпірдің ұзындығы 80, ені 2 метрді құрайды.
ERNUR.KZ. Желілерде Вьетнамда технологияның соңғы үлгілерімен жасалған ұзындығы 80, ені 2 метрлік 5D-көпірдің алғашқы фотосуреттері пайда болды.
5D технологиясымен салынған алғашқы шыны көпір 25 сәуірде ашылады. Көпір Ханойдан 200 шақырым қашықтықтағы Сон-Ла провинциясының Мок-Чау ауданында орналасқан. Құрылыстың негізін қалаушылардың айтуынша көпір махаббатқа арналған.
Соған орай көпірдің негізгі жері жүрек және лотос жапырақтары түрінде жасалған. Вьетнамның бұл жаңа көрнекі жері ерекше шыныдан салынып, оған әлемнің ең соңғы технологиясы 5D - сенсорлық экрандар қолданылған. Көпірдегі саяхатшылардың бұл технология арқылы судағы балықты, бүршік жарған гүлдерді көруге мүмкіндігі бар. Көпірде бір мезетте 70 адамға дейін серуендей алады және сонымен қатар олар Дай-Ием сарқырамасын да тамашалай алады.
Бұдан өзге Вьетнам елінің "Құдайдың қолы" немесе "Алтын қол" атымен танымал теңіз деңгейінен 1400 шақырым биіктікте орналасқан, ұзындығы 150 метрді құрайтын үлкен алақандағы көпірі де туристер арасында танымалдылыққа ие.
Дереккөз: infocentrdnr.ru