Жапонияда аюлардың адамдарға шабуылы жиіледі

0
99

Өткен айда жыртқыш аңнан 39 адам зардап шеккен.


Жапонияда аюлардың адамдарға шабуылы жиіледі

Фото: japannews.jp

ERNUR.KZ. Мамандар бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Қыркүйек айында Жапонияда аюдың адамдарға шабуылы соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен.

Жапонияда сәуір айынан қыркүйек айының соңына дейін аюдан 109 адам зардап шегіп, оның бесеуі қайтыс болды. Қазан айының алғашқы аптасында аюлар 17 адамға тап бергені анықталды. Оның біреуі жыртқыш аңның шабуылынан қаза тапты.

Ал күні кеше ғана Гунма префектурасында аю супермаркетке кіріп, 2 адамды жарақаттады. Мамандар аюлардың шабуылын аймақтардағы егістікпен байланыстырып отыр.