Жас ана автобуста босанды: қыз бала 18 жасқа дейін қоғамдық көлікте тегін жүреді

0
1 225

Сәби мен ата-анасын жедел жәрдем қызметі жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.


Жас ана автобуста босанды: қыз бала 18 жасқа дейін қоғамдық көлікте тегін жүреді

ERNUR.KZ. Барселонадан Брюссельге бара жатқан жолаушы автобуста босанды. Күнделікті рейс кезінде сағат түнгі 3:30-да жолаушы жүргізушілерге келіп, әйелі босанатынын айтқан. Олар ең алдымен, жергілікті жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған деп жазады sputniknews.kz.

Кейін автобусты тоқтатып, дәрігерлерді күткен.

"Адамдардың біразы ұйықтап жатқан болатын. Жүргізуші мән-жайды түсіндірген соң , бәріміз автобустан шықтық", - дейді туристердің бірі.

Жарты сағаттан соң әйел аман-есен босаныпты. Сәби мен ата-анасын жедел жәрдем қызметі жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

Кейін БАҚ өкілдері ата-анасы нәрестенің атын Зенеп деп қойғанын хабарлады. Ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін компания автобустарымен тегін жүре алады.