Бұзылған көлікті сүйремес бұрын, салмағын біліңіз

0
204


Бұзылған көлікті сүйремес бұрын, салмағын біліңіз

Сурет: i.pinimg.com

Бұзылып, жолда қалып қойған немесе техникалық ақауы бар автокөлікті басқа бір көлікпен сүйреп тасымалдау жүргізушілер арасында жиі кездесетін жағдай. Ол белгілі бір ережелер мен талаптарға бағынады. Сүйреуді қиындықсыз және төтенше жағдайлар туғызбай орындау үшін оларды сақтау қажет.


Қандай көліктерді сүйреуге болады?

Сүйреу – ақаулы көлікті басқа көлік құралының көмегімен жылжыту. Мынадай талаптарға сәйкес келетін көлік құралдарын сүйреуге болады:

  • жұмыс істейтін тежегіш жүйесі;
  • жұмыс істейтін рульдік басқару;
  • Сүйреу көлігінің салмағы сүйретілгеннен кемінде екі есе көп болуы маңызды. Әйтпесе, сүйреуге тыйым салынады.
  • Екі автомобильдің жалпы ұзындығы троспен бірге 22 метрден аспауы керек.
  • Екі автомобиль де техникалық жарамды ілінісу механизмдерімен жабдықталуы керек.
  • Автобусты сүйрету құралы ретінде пайдалануға тыйым салынады.


Көлікті сүйреу үшін не қажет?

Көлік құралдарын тасымалдаудың бірнеше әдістері бар:

  • икемді ілінісу – арнайы тростың көмегімен;
  • қатты ілінісу;
  • арнайы тиеу платформасын пайдалану (эвакуация).

Қатты ілінісу арқылы тасымалдау кезіндемашиналар арасындағы қашықтық 4 метрді құрайды. Икемді тасымалдау кезінде автокөлікті сүйретуге арналған тростың ұзындығы – 4-6 метр. Дәл осы әдіс күнделікті өмірде оны жүзеге асырудың қарапайымдылығы мен қосымша арнайы жабдықтың минималды мөлшеріне байланысты жиі қолданылады.

Сүйрейтін трос көліктің салмағын көтере алатындай берік болуы керек. Маңызды сәт – шағылыстырғыштардың болуы. Оны қолданған кезде түнде сүйрегіш трос басқа жүргізушілерге көрінетін болады. Егер шағылыстыратын элементтер болмаса, арнайы жалаушалар қолдану қажет.


Сүйреуді дұрыс орындау

Көлікті тасымалдау үшін сүйреу ережелерін сақтау керек. Дайындықтан бастау қажет. Ең алдымен, тростың тұтастығын тексеріңіз. Кішкене зақым қозғалыс кезінде үзілуді, төтенше жағдай тудыруы мүмкін.

Көлік тросын сүйреу үшін диагональ бойынша бекіту керек. Яғни, егер сүйрейтін машинада ол сол жақта болса, онда сүйрелетін машинада – алдыңғы оң жақта.

Тасымалдау процесінде мына ережелерді сақтаңыз:

  • тасымалданатын көлікте жақын жарық пен апаттық сигналды қосуды ұмытпаңыз;
  • сүйреудің максималды жылдамдығы 50 км/сағ аспауы керек;
  • сүйретілетін көлікте жолаушылар болмауы керек, тек жүргізуші бола алады;
  • көктайғаққа икемді тросты қолдануға қатаң тыйым салынады;
  • автокөлікте тіркеме болған жағдайда сүйреуге тыйым салынады (бір уақытта бірнеше көлікті тасымалдауға да қатысты).

Ескерту! Қозғалыс басталар алдында екі көлік құралының жүргізушісі сигналдар мен ескертулер жүйесін талқылауы керек. Бұл жолда туындаған кез келген жағдайға жедел әрекет етуге көмектеседі.


Нені таңдаған жөн: сүйреу немесе эвакуатор?

Автокөлікті сүйреу ережелері қарапайым және түсінікті. Осылайша, талаптарға сәйкес келетін барлық дерлік жеңіл автомобильдерді тасымалдауға болады. Алайда, кейбір жағдайларда арнайы платформалы эвакуаторды пайдаланған жөн.

Бұл келесі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:

  • жолда тіркемесі бар көліктің жүруіне тыйым салатын жол белгілері бар (сондықтан трассаның осы бөліктерінде тросты пайдалану мүмкін емес);
  • машина техникалық талаптарға сәйкес келмейді;
  • жолда ауа райының қолайсыздығы байқалады.


Жиі жіберілетін қателер

Көптеген жүргізушілер сүйреу кезінде абайсыздық немесе білместік салдарынан келесі қателіктерге жол береді:

  • Трос тым бос немесе тым тартулы. Бұл бір көліктің екінші көлікке соғылуына немесе тростың үзілуіне әкелуі мүмкін.
  • Жайсыз ауа райында троспен сүйреу. Жаңбыр, тұман, көктайғақ кезіндегі сүйреу апатқа себеп болуы мүмкін.
  • Бірден тежеу. Сүйретіп келе жатқан көлік күрт тоқтағанда, артындағы көлік тежеп үлгермей соғылып қалуы мүмкін.
  • Бұрылыс алдында белгі бермеу. Маневр жасау кезінде екі жүргізуші де бірдей әрекет етуі үшін сигналдар өте маңызды.
  • Трос сапасын елемеу. Сапасыз, үй жағдайында жасалған тростар қауіп төндіреді.


Сүйреуден кейін көлікті тексеру

Сүйреуден соң ақаулы көлік жөнделмей тұрып қайта қозғалысқа шықпауы керек. Міндетті түрде:

  • Тежегіш жүйесін тексеріңіз. Сүйреу кезінде тежегіштерге түсетін жүктеме көп болады.
  • Дөңгелектер мен суспензияны бақылаңыз. Сүйреу кезінде кедір-бұдыр жолдарда қосымша зақым келген болуы мүмкін.
  • Трансмиссия майын тексеріңіз. Әсіресе автоматты қораппен жүрген жағдайда, себебі қозғалтқыш өшіп тұрғанда май айналымы болмайды.


Қалалық және тас жол жағдайында сүйреу ерекшеліктері

Қалалық жағдайда көп көлік, жаяу жүргіншілер, бағдаршам, тар көшелер сүйреуді қиындатады. Бұл жағдайда тек күндіз сүйреу ұсынылады. Көлік аз жүрген кезде (мысалы, таңертең ерте немесе кешкі уақытта) сүйреу әлдеқайда қауіпсіз.

Трассада ұзақ қашықтықта сүйреуге тек толықтай жарамды тежегіш пен рульі бар көлікпен ғана бару керек. Жоғары жылдамдықты жолда қауіпті маневр жасамаңыз, алдыңғы көлік бағытты өзгертпестен жүргізгені дұрыс.

Егер сүйреу ережелері сақталмаса, көлікке де, жүргізушіге де зақым келтіру қаупі жоғары. Бұл мәселені эвакуатор оңай жояды. Бұл әдістің жалғыз кемшілігі – тасымалдаушы қызметі үшін төленетін ақы. Алайда, ол өзін толығымен ақтайды. Көлігіңіз қосымша бұзылу қаупінсіз және сіздің қатысуыңызды қыжет етпей, уақытында тасымалданады.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ЖОЛ АПАТЫНА ең көп ұшырайтын АВТОКӨЛІКТЕР анықталды