Көлікке қажет кәдеге жарата қоясыз.
Күн салқындап, суық мезгіл жақындап қалды. Бұл уақытта адам ғана емес, автокөліктер де «суықтағыш» келеді. Яғни, аяз-қардың салдарынан мұз қату, құрсаулану, булану сияқты жайсыздықтар жиі орын ала бастайды. Осындай жағдайларда көмегі тиетін лайфхактарды біле жүрсеңіз, әлегіңіз де азаяды.
Карантин басталғалы қалтаңызға антисептик салып жүру әдетке айналған болар. Алдағы уақытта да сол әдеттен танбаңыз. Себебі, онымен дезинфекция жасап қана қоймай, көліктің құлпына қатқан мұзды да ерітуге болады. Бар болғаны антисептикалық гельді жағып не сепкішті сеуіп, бірнеше минут күтсе жеткілікті. Ол микробтар мен вирустарды өлтіріп қана қоймай, мұзды да ерітеді.
Қар-жаңбыр суы құрамында ауадағы шаң-тозаңдар да болатындықтан, енді терезені тазартып сүрту қиынырақ. Шаң-тозаңнан айғыз қалып қояды. Осының алдын алу үшін көліктің терезе сүрткішін медициналық спиртпен ысқылаңыз. Сондай-ақ, булану мен мұз қатуды болдырмау үшін әйнектерді де спиртпен сүртіп шыққан артықтық етпейді.
Жуынатын бөлмедегі кей тазалық құралдарын көліктің тазалығы мен тиімділігі үшін де қажетке жаратуға болады. Мәселен...
Көлік шамдары уақыт өте келе күңгірттеніп, жарықты жақсы түсірмейді. Ол ластанудың да, ескірудің де салдарынан болады. Қай жағдайда болса да, оны жағасына ауыстырмас бұрын тіс пастасымен сүртіп көріңіз. Бәлкім, осыдан соң жаңасын салу керек те болмай қалар?
Ол үшін алдымен шамдарды сабыны сумен жуып алыңыз. Соңына жұмсақ ысқышқа тіс пастасын жағып, ысқылайсыз. Пастаға аздап ас содасын араластырып жіберуге де болады.
Кір сабынның үй шаруашылығында пайдаға аспайтын жері аз. Енді оны көліктің де кәдесіне жаратып көріңіз. Мәселен, көлік есігін ашып-жапқанда шиқылдайтын болса, сол тұсқа кір сабын үйкеп қоясыз.
Сондай-ақ, көлік есігінің әйнегін ашып-жапқанда да осындай қиындық туса, оған да кір сабын жағуға болады.
Тағы бір қажетке жарайтын тұсы – дөңгелекті тазарту. Кір сабынмен дөңгелекті жусаңыз, тап бір арнайы химиялық құралмен қарайтқандай не жап-жаңа шина көрінісін беретінін білесіз бе? Бұрын білмеген болсаңыз, жасап көріңіз.
Көлігі үшін қырынуға арналған кремін еш еркек аямайтыны анық. Ендеше, автомобиль әйнектеріне жағып, артынан жұмсақ құрғақ шүберекпен сүртіп қойыңыз. Осыдан соң әйнектердің термелейтін және қырау қатпайтын болғанын байқайсыз.
Көліктің алдыңғы әйнегіне сызат түссе, иесінің көңіл-күйі де түседі. Сеебі, сызат не жарықшақ бастапқыда қандай кішкентай болса да, уақыт өткен сайын үлкейеді. Алайда, оған уақытыл шара қолдану арқылы сол қалпында тоқтатып қоюға болады. Ол үшін алдымен әйнекті тазалап, соңыра екі-үш қайтара түссіз лақ жағып қойса болғаны.
Кеңестерді жасап көріп, кәдеңізге жаратыңыз.
Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Мына 7 шаруаны ҚАЗАН айында ЖАСАП ҮЛГЕРіңіз