Ауызда еритін өте нәзік әрі дәмді.
Қажетті қоспалар:
- 1 л сүт
- 1 стақан шекер
- 2 ас қасық ұн
- 3 ас қасық какао
- 2 ас қасық крахмал
- 1,5 гр. ванилин
- 1 ас қасық сары май
- 400 гр. күлше
- 100 гр. жаңғақ
Дайындалу тәсілі:
- Алдымен печеньеміздің кремін дайындап алайық. Ол үшін табаққа сүтті құйып, какао мен крахмал, ванилин мен сары майды салып, отқа қоямыз. Барлығын жай-жай араластырып, іртік болмауын қадағалаймыз.
- Қоспалары бар сүтті шанышқымен емес, венчикпен араластырып тұрсаңыз біркелкі масса шығады.
- Осылайша отта тұрған кремді қою қаймаққа айналғанша араластырамыз. Әбден қайнаған тәттіні күлшелерге құюды бастаймыз.
- Дүкеннен үгітілмелі күлше түрін сатып алып, әрбір печеньеге дайын кремді құйып шығамыз. Барлық крем құйылған күлшелерді бір ыдысқа салып, бетіне үгітілген жаңғақты себелейміз.
- Дайын печеньелерді енді мұздатқышқа салып қою керек. Кремі жақсылап қатып, күлше біраз салқындаған соң печеньелерді дастарханға ұсына беруге болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қысқа арнап ЖЕҢІЛ де ДӘМДІ салат жауып алыңыз