Қытырлақ картопты пайдалы етіп әзірлеңіз

0
6 724

«Чипсы - балалар денсаулығына зиянды тағам» дейді мамандар. Сіздің отбасыңыз да осындай тағамдарға құмарлық танытатын болса, өз қолыңызбен алмадан немесе басқа да көкөністерден дәмді чипсы әзірлеп бере аласыз. Ендеше чипсы пісіріп көрейік!


Қытырлақ картопты пайдалы етіп әзірлеңіз

фото: surfingbird.ru

«Чипсы - балалар денсаулығына зиянды тағам» дейді мамандар. Дегенмен дәмді тағамнан көбіміз бас тарта алмаймыз. Әсіресе түрлі чипсылар тәбетті ашып, хош иісімен баурап алады. Мұндайда жас болсын, кәрі болсын чипсыды еріксіз жейді. Сіздің отбасыңыз да осындай тағамдарға құмарлық танытатын болса, өз қолыңызбен алмадан немесе басқа да көкөністерден дәмді чипсы әзірлеп бере аласыз. Ендеше чипсы пісіріп көрейік!

Қажетті өнімдер

фото: yablokov-snack.ru

  • 2 дана алма
  • 40 гр. сүтті шоколад

Дайындалуы

  1. Алмадан жасалатын бұл чипсы еш зиянды қоспасыз дайындалатындықтан балаларға өте пайдалы. Сондықтан да оны жиі-жиі дайындап берсеңіз де артықтық етпейді.
  2. Алдымен алманы жұқалап турап аламыз. Егер пышақпен ойдағыдай туралмайтын болса, арнайы, картоп аршығышпен жұқа етіп турауға болады.
  3. Табаға пергамент қағазын жайып салып, бетіне алмаларды қойып шығамыз.
  4. Сосын пешті 60 градусқа қойып қыздырып, алманы 2 сағат бойы ұстайсыз.
  5. Шоколадты ұнтақтап, пісіп шыққан алманың бетіне себелеңіз.
  6. Пешті 80 градусқа көтеріп, шоколад ерігенше ұстайсыз.
  7. Дайын чипсыларды балаларға ұсынсаңыз болады.


5 минутта дайын болатын чипсы

фото: foodhouse

Картоптан дайындалатын бұл чипсы кешкі астан кейінгі уақытта теледидар қарап отырып жеуге арналған. Сонымен қатар, қонақтарға да ұсынуға болады. Бірінші, екінші тағамдарды дастарханға әкеліп, отырыс қыза түскенде чипсыларды тіскебасар ретінде дайындасаңыз, қонақтар да өте риза болып қайтады. Өйткені картопдан дайындалатын чипсыды пісіруге небәрі 5 минут уақытыңыз ғана кетеді. Олай болса, іске кірісейік!

Қажетті өнімдер

  • 2 дана картоп
  • ½ шай қасық қызыл бұрыш
  • Тұз
  • Ұнтақталған қара бұрыш
  • Ұнтақталған қызыл ащы бұрыш
  • 1 ас қасық өсімдік майы.
  • Тәрелкені майлауға 3-4 ас қасық өсімдік майы

Дайындалуы

Үйде дайындалатын чипсыларды бұқпа пеште де (духовка) немесе микротолқынды пеште де пісіре аласыз. Бірақ та микротолқынды пеште тезірек болады. Ол үшін алдымен картоптың қабығын аршып, тазалап жуу керек. Содан соң өте жұқа етіп турайсыз. Үккіш құралдың арнайы кескішін пайдалануға болады. Сонда картоптар білкелкі әрі жұқа туралады.

Туралған картоптарды табаққа салып, оған тұз, қызыл бұрыш пен қара бұрышты, және ащы бұрышты салып, 1 ас қасық майды құйыңыз. Артынша жақсылап араластырасыз.

Дәмдеуіштер қосылған картопты үлкендеу жайпақ тәрелкеге жайып салып, микротолқынды пеште пісіресіз. 3-5 минуттан соң чипсы да дайын дей беріңіз! Бірақ та картоптарды қызарғанша микроторлқынды пештен алмаңыз.

Осылайша картоптарды екі-үш қайтара салып, пісіріп ала бересіз.

Міне, 5 минут ішінде дәмді чипсылар да пісіп шықты.

Дайындаған - Құрманкүл Әти.

ERNUR.KZ