​Ағзаға пайдалы ДТ майонездер мәзірі

0
197

Үй майонезі ағзаға да, сіздің әдемі сымбатыңызға да зиянын тигізбейді.


​Ағзаға пайдалы ДТ майонездер мәзірі


Күздің салқыны сезіле бастағаннан біз майонез қосылған салаттарға құмартып тұрамыз. Онсыз кез-келген салатты елестету қиын. Майонез ет тағамдарына дәмді маринад жасайды, сорпаларды дәмдейді, тіпті гарнир ретінде де қызмет етеді. Майонез тек тұздық емес, ол кез келген үй аспазының құтқарушысы. Алайда дүкенде сатылатын майонездің адам ағзасына келтірер зияны көп. Ол артық салмақ пен көптеген аурулардың туындауына себепші болуда. Сондықтан да майонезді үй жағдайында дайындап жеген пайдалы. Оның құрамын құнарлы әрі нәрлі заттармен байытып, зиянсыз етуге болады.

Супермаркеттерде сатылатын майонез Франциядан шыққан нағыз майонезден айтарлықтай ерекшеленеді екен. Жаппай өндіріске дейін қолданылған бастапқы рецепт бойынша майонез өсімдік майы, сірке суы, жұмыртқаның сарысы, тұз және бұрыштан жасалған. Кейде қыша мен лимон да қосылды. Дегенмен қазіргі таңда бұл ингредиенттер бастапқы мәзірден өзгеріске ұшырады. Жаңа жұмыртқаның орнына өндіруші жұмыртқа ұнтағын, сондай-ақ құрғақ сүтті, қантты және суды пайдаланды. Бұдан әрі не болғанын болжау оңай. Технологияны арзандату үшін өндіріс өзгерді. Енді ингредиенттер жапсырмасында тізімделген жасанды хош иістендіргіштер мен дәм күшейткіштерді көре аласыз. Тоңазытқышта әрқашагн дайын, әмбебап соустың болғанын қалайсыз. Бірақ оның ағзаға кері әсері еске түскенде майонез жеуге тәбетіңіздің тартпай қалатынын жасырмайтын шығарсыз. Бірақ бұл қиындықтан да шығуға болады. Ол үшін майонезді үй майонезіне ауыстырсаңыз болғаны. Ол қалай? Барлық қоспаларды дайындап, өз қолыңызбен дәмді майонез дайындайсыз.

Бұл ағзаға да, сіздің әдемі сымбатыңызға да зиянын тигізбейді. Сонымен қатар, салмақ қосуға жол бермейді. Ендеше майонездер мәзірін ұсынайық!


Зәйтүн майынан дайындалған майонез

Қажетті қоспалар:

  • 150 мл зәйтүн майы
  • 1 дана жұмыртқа
  • 2 шай қасық қыша
  • 1 шай қасық қант
  • 1 ас қасық лимон шырыны
  • ½ шай қасық тұз
  • 1-2 шым бұрыш

Дайындалуы:

Барлық қоспаларды блендерге саламыз. Қоспаларды екі қайтара араластырасыз. Блендермен бірінші түп жағын, сосын беткі жағын езіп, осылай кезектестіре отырып, араластыру керек. Қою масса пайда болады. Дайын майонезді үш күнге дейін тоңазытқышта сақтауға болады.


Жұмыртқа қосылмаған майонез

Қажетті қоспалар:

  • 70 гр. сүт
  • 25 гр. лимон шырыны
  • 15 гр. қыша
  • 150 гр. зәйтүн майы

Дайындалуы:

Погружной блендермен барлық қоспаларды араластырамыз. Алдымен астыңғы жағын араластырып, сосын үстіңгі жағын езесіз. Осылайша майонез дайын болады.


Сүзбеден дайындалған майонез

Қажетті қоспалар:

  • 1 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 150 гр. майсыз сүзбе
  • 1 шай қасық қыша
  • Дәміне қарай тұз
  • 2-3 ас қасық су

Дайындалуы:

1. Жұмыртқаны қайнатып алыңыз.

2. Сосын піскен жұмыртқаның сары уызын ақ уызынан бөліп аласыз.

3. Сүзбені блендерге салып, азырақ қайнаған сумен араластырыңыз. Сонда қою қаймақтай масса шығуы керек.

4. Сүзбеге жұмыртқаның сары уызы мен қышаны салып, тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластыру керек. Дәміне қарай бір-екі тамшы лимон шырынын қосуға болады.


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


1500 калориядан құралған кето-диета