Біз айтқан кеңестерге құлақ асатын болсаңыз, еш қиналмай-ақ бір айда 3-7 келі салмақ тастай аласыз.
Күн жылынып, айнала жасыл желекке боялуда. Бұл мезгілде қыз-келіншектер де даланың гүліндей құлпыра түседі. Алайда өз мүсініне көңілі толмайтын аруларымыз да жоқ емес. Бірақ та әлі де уақыт бар. Жаз мезгіліне дейін көкөністерден құралған диетаны ұстанып, армандаған фигураға қол жеткізе аласыз. Ендеше көктем мезгіліне орай тамақтану рационын көкөністермен байытып, ағзаны дәрумендермен қанықтыратын боламыз.
Дегенмен көкөністерден құралған диетаның оң және кері әсерлері барын ұмытпауымыз керек.
Ең алдымен жағымды әсерлерін айтар болсақ:
Көкөністердің калориясы төмен болатындықтан, тез салмақ тастауға болады;
Көкөністерде минералды заттар мен дәрумендер, басқа да биологиялық белсенді заттар, жасұнық пен пектин бар. Мұның барлығы ішек жұмысын жақсартады.
Диетаның минус жақтары:
Біріншіден көкөністерде ақуыз, майлар өте аз болатындықтан, қатал диета ұстаған жағдайда, ағзада осындай заттар жеткіліксіз бола түседі.
Жасұнықты да көп қабылдауға болмайды. Ал, көкөністерде жасұнық көп болғандықтан, асқазанда бұзылыстар болуы мүмкін.
Ең бастысы көкөніс диетасын ұстанбас бұрын, денсаулығыңыздың қалыпты жағдайда екеніне көз жеткізіп алыңыз. Содан кейін ғана салмақ тастауға кірісе бересіз.
1 аптаға арналған диета мәзірі
Дүйсенбі
Таңғы ас:лимон шырыны қосылған көкөніс салаты, зімбір қосылған көк шай.
Түскі ас: қаймақ қосылған қырыққабат сорпасы, қызанақ пен картоп қосылған рагу, жидектерден дайындалған нәрсу.
Бесін ас: пеште піскен немесе балғын алма.
Кешкі ас фарш салынған болгар бұрышы, қара шай.
Сейсенбі
Таңғы ас: үккіштен өткізілген алма мен йогурт, қантсыз бір шыны кофе.
Түскі ас: тұздалған қырыққабат (квашеная капуста) пеште піскен картоп, жидектерден дайындалған нәрсу.
Бесін ас: кептірілген жемістер
Кешкі ас: Пеште піскен асқабақ, қара шай.
Сәрсенбі
Көкөністер мен жемістерден дайындалған смузи.
Түскі ас: қызылша мен картоптан әзірленген пісірме, көк шай.
Бесін ас: қызанақ шырыны
Кешкі ас: көкөністерден дайындалған рагу, кептірілген жемістер қосылған нәрсу.
Бейсенбі
Таңғы ас: майсыз бір стақан айран, балғын жидектер, зімбірмен шай.
Түскі ас: саңырауқұлақ, картоп, азырақ тауық еті қосылған сорпа, сәбіз шырыны.
Бесін ас: винегрет салаты.
Кешкі ас: қияр, қызанақ пен болгар бұрышы қосылған салат, жалбыз қосылған шай.
Жұма
Таңғы ас: майсыз сүзбе, жидектер, даршын қосылған көк шай.
Түскі ас: бұқтырылған көкөністер, пияз бен шалғам, өсімдік майы қосылған салат, кисель.
Бесін ас: 2 дана апельсин.
Кешкі ас: картоптан дайындалған пісірме, сәбіз қосылған котлет, қара шай.
Сенбі
Таңғы ас: сүзбеден дайындалған сырниктер, қантсыз кофе.
Түскі ас: борщ, буға піскен азырақ балық, нәрсу.
Бесін ас: жидектер.
Кешкі ас: тұздалған қырыққабат, майсыз айран.
Жексенбі
Таңғы ас: пеште піскен асқабақ пен жидектер, бал қосылған шай.
Түскі ас: көкөністерден сорпа, екі жұмыртқадан омлет, жеміс-жидек шырыны.
Бесін ас: алма
Кешкі ас: қырыққабат пен сәбіз, аскөк қосылған салат, 1 стақан майсыз айран.
Диетаның нәтижесі:
Жоғарыда берілген ас мәзірі бойынша тамақтанып, біз айтқан кеңестерге құлақ асатын болсаңыз, бір айда 3-7 келі салмақ тастай аласыз.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: