Егер сіз салқындатылған диетаны ұстаймын деп шешсеңіз, мына ас мәзірін дайындауыңызға тура келеді.
фото: lucky-bamboo.ru
Салқындататын диетаны ұстанғанда ыстық тағам, ыстық шайды мүлде ішуге болмайды. Аталмыш мәзірді 7 күннен 14 күнге дейін үзбеген дұрыс. Барлық тағамды салқындатып, сусындарды мұзбен ішесіз. Диета барысында күніне 6 стақаннан кем су ішпейсіз.
Суды салқындату үшін үнемі тоңазытқышқа салып қоясыз. Сосын аз-аздан ішіп отырасыз. Жалпы, дұрыс диетада таңертең 1 стақан, күндіз бір стақан, ұйқыға жатардан алдын бір стақан су ішу керек. Егер сіз салқындатылған диетаны ұстаймын деп шешсеңіз, мына ас мәзірін дайындауыңызға тура келеді.
фото: yuliaolivertaylor.ru
1-күн
- 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
- Таңғы ас: қатырылған 300 гр. жеміс-жидектер, 1 стақан салқын йогурт.
- Түскі ас: Сиыр етінен стейк және картоп езбесі, көкөніс салаты (барлық тағамдар салқындатылған болуы керек).
- Кешкі ас: 1 стақан салқын су, балық, көкөніс салаты.
- Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.
2-күн
- 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
- Таңғы ас: Бал қосылған сүзбе, салқын шырын.
- Түскі ас: Гаспачо сорпасы және бір стақан салқын су (Салқындатылған испан тағамы. Жасалу жолдарын ғаламтордан оңай табуға болады).
- Бесін ас: Кептірілген жемістер.
- Кешкі ас: Қарақұмық ботқасы, йогурт.
- Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.
3-күн
- 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
- Таңғы ас: Мюсли немесе йогуртқа салынған үлпектер, салқын су.
- Түскі ас: Қайнатылған ет пен картоп, көкөніс салаты, салқын көк шай.
- Бесін ас: Жемістер.
- Кешкі ас: Қайнатылған немесе шикілей көкөністер.
- Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.
4-күн
- 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
- Таңғы ас: Көкөніс салаты мен қайнатылған жұмыртқа.
- Түскі ас: Пешке пісірілген немесе буда дайындалған балық, қайнатылған күріш, көкөніс салаты, салқындатылған су.
- Бесін ас: балмұздақ немесе жемістер.
- Кешкі ас: Гаспачо сорпасы және бір стақан салқын су.
- Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.
5-күн
- 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
- Таңғы ас: Жеміс-жидек салаты.
- Түскі ас: Ет қосылған көкөніс салаты, салқын су.
- Бесін ас: Салқын шырын мен печенье.
- Кешкі ас: Тауық еті мен көкөністер қосылған тағам, салқын су.
- Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.
6-күн
- 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
- Таңғы ас: Сұлы ботқасы.
- Түскі ас: Салқын окрошка, салқын су. Көкөніс салатын жеуге болады.
- Бесін ас: Жеміс-жидектер.
- Кешкі ас: Балық пісірмесі, қайнатылған күріш, салқын су.
- Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.
7-күн
- 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
- Таңғы ас: Йогурт
- Түскі ас: Тауық еті мен көкөністерден дәмді тағам, салқын су.
- Бесін ас: жемістер қосылған балмұздақ.
- Кешкі ас: Омлет, жеміс салаты.
- Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.
Барлық тағамдарды салқындатып жеген дұрыс. Егер өзіңізді жайсыз сезінетін болсаңыз, сол күні-ақ, диетаны тоқтату керек. Өйткені бұл диетадан басқа да емдәмдердің түрі өте көп.
Қ.Әти,