​Пекин қырыққабаты мен анар қосылған өте пайдалы салат

0
2 603


​Пекин қырыққабаты мен анар қосылған өте пайдалы салат


Өте дәмді әрі дәруменге бай бұл салатты жаңа жылдық дастарханға жасауға да болады. Әсіресе артық салмақпен күресіп, сымбатын қолға алғандар үшін бұл таптырмас тағам болмақ. Аталмыш салатқа тауық немесе сиыр етін қосып жасаңыз. Бірақ та етте калория көбірек екенін ұмытпауымыз керек. Олай болса, мерекелік дастарханыңызға сән беріп, фигураңызға да жағымды әсер ететін салаттың рецептімен бөлісейік.


Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. пекин қырыққабаты
  • 300 гр. анар жемісі
  • 1 гр. ақжелкен
  • 3 ас қасық зәйтүн майы
  • 1 шай қасық лимон шырыны
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 150 гр. тауық еті
  • 1 дана жұмыртқа


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен анардың қабығын аршып, дәндерін алып дайындап қоямыз. Лимонды жуып, бір тілімін кесіп аласыз. Содан соң тауық еті мен жұмыртқаны қайнатып, пісіріп алу керек. Суыған соң, жұмыртқаның қабығын аршып, тауық етін ұзыншалап тураймыз.
  2. Өткір пышақпен қырыққабатты тураймыз. Ақжелкенді де майдалап турау керек.
  3. Енді салатты жинау ғана қалды. Ол үшін табаққа алдымен туралған қырыққабатты салып, бетіне азырақ тұз себеміз.
  4. Осы қырыққабаттың бетіне анар дәндерін салып, ақжелкенді себелейміз. Сосын қара бұрыш пен зәйтүн майын тамызып, лимон тілімі мен шырынын қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, тәрелкеге салыңыз да, жан-жағын жұмыртқамен әсемдеуге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтау мәселесінде ДИЕТОЛОГТАР АЙТПАЙТЫН 7 ҚҰПИЯ