1 аптада 6 келі салмақтан арылғыңыз келсе, ең ғажап сорпаны дайындап ішіңіз!
Диета тек деніс ау, денсаулығында ешбір ақауы жоқ жандарға арналады. Сонымен қатар, 1 апта бойы саяхатқа шығуды да жоспарламаған дұрыс. Бұдан бөлек, учаскелік дәрігерден кеңес алуды да ұмытпау ұсынылады.
Диета 7 күнге арналады. Осы күндерде ұннан жасалған нан, бөлішке, кондитерлік өнімдерді аузыңызға да алмайсыз. Тәтті жеміс-жидектер мен газды сусындар, қуырылған тағамдардан да бас тартыңыз.
Сорпаны дайындау үшін мынадай қоспалар қажет:
- 6 дана пияз немесе 2 тал көк пияз
- 1 ас қасық томат пастасы
- 2 дана көк болгар бұрышы
- 1 бас қырыққабат
- 5 дана сәбіз
- 1 бума балдыркөк
- 2 түйір дәмдеуіш
- Дәміне қарай тұз, бұрыш, карри, ақжелкен және қара бұрыш
- 2 литр су қосылады.
Дайындалу тәсілі:
- Көкөністерді өзіңіздің қалауыңызбен турап, қайнап тұрған суға салыңыз. 10 минут қайнағаннан кейін томат қосып, тағы да жарты сағат қайнатасыз.
- Соңында аскөк қосып, қақпағын жауып қойыңыз.
- Сорпаны қарныңыз ашқан кезде іше берсеңіз болады. Күні бойы сорпа ішіп, диета ұстаңыз.
Сорпаға қосымша не ішіп-жеуге болады? Төмендегі тізімге назар аударыңыз:
1-күн: банан, қарбыз, қауыннан басқа кез келген жемістерді жей беруге болады;
2-күн: фасоль, горох, жүгеріден басқа балғын немесе қайнатылған көкөністер және де түскі ас кезінде пеште піскен картопты қоссаңыз да артықтық етпейді;
3-күн: тағы да кез келген жемістер мен көкөністерді жей аласыщ;
4-күн: майсыз сүт пен 3 дана банан жеу ұсынылады;
5-күн: ас мәзіріне 250 гр. ет пен 6 дана қызанақ қосыңыз;
6-күн: қалағаныңызша қайнатылған тауық еті мен сиыр етін, көкөністерді жеуге болады. Тек қана көкөністердің жасыл түстісін таңдасаңыз болғаны. Мысалы, қияр, көк болгар бұрышы және т.б.
7-күн: қайнатылған күріш, көкөністер мен жеміс салаты.
Сусындар: 1 шыны кофе мен шай ішуге рұқсат.
Диетаны жеті күн бойы үзбей ұстайтын болсаңыз, біз уәде берген 6 келі салмақтан арыласыз. Егер шыдамыңыз 2-3 күнге ғана жететін болса, 2-3 келі салмақ жоғалтасыз. Бұл да жаман нәтиже емес. Бұл сорпаны ішкен жандар әдетте 2-3 күн шыдайды екен.
Ендеше, сіз шыдамдылық танытып көріңіз. Сұлулық – құрбандықты қалайтынын білсеңіз, майлы тағамдар мен салмағыңызға салмақ қосатын түрлі тәттілерден ары қарай да бас тартыңыз.
Аталмыш детокс-сорпа мен 7 күнге арналған көкөністер мен жемістер мәзірінен кейін, сіздің сымбатыңыз сымдай тартылары сөзсіз.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Сағат сайын тамақтанып та салмақ тастауға болады
40 жастан кейін ӘЙЕЛ сұлу әрі дені сау БОЛУЫ ҮШІН не істеуі керек?