Басыңызға КІТАП қою БҮКІРЛІКТЕН арылтады

0
252

Қисайған, иілген сүйектердің қалпына келуіне сеп болады


Басыңызға КІТАП қою БҮКІРЛІКТЕН арылтады

Бүкірліктің себептері әртүрлі. Өмір салтын дұрыс сақтамау мен гаджеттерге тәуелділік - қазіргі таңдағы ең көп кездесетін себептер. Алайда, бүкірлікті түзетуге болады.


Тік жүру

  • Көшеде жүргенде, орындықта отырғанда тұлғаңызды тік ұстауды әрдайым бақылаңыз. Жүрген кезде ішті тартып, кеудені көтеріп, басты тік ұстап, еркін әрі сенімді болуыңыз керек.
  • Одан бөлек, күніне жарты сағат бөлме ішінде басыңызға кітап қойып жүру арқылы сымбатты жүріске денені үйрете аласыз.
  • Қабырғаға арқаңызды сүйеп тұрыңыз. Арқаңыз, балтырларыңыз тиіп тұратын болсын. Осы қалыпта 15 минут қозғалмай тұрып, кейін дәл осы қалпыңызды жоғалтпай бөлме ішінде әрлі-берлі жүріңіз.

Осы екі әрекетті күнделікті әдетке айналдырсаңыз, бір айдың ішінде жақсы нәтижесін байқауға болады.


Отырған кезде...

  • Орындыққа отырғанда арқа сүйектерінің тік қалапты орындық арқалығына тиіп тұруын қадағалаңыз. Егер арқалығы жоқ немесе шалқайған, иілген болса, бойыңызды бос жіберуге асықпаңыз. Ойша тік арқалығы бар деп елестетіп, соған сүйенуді естен шығармаңыз.


Омыртқаны жаттықтыру

Тұлғаның иілімділігіне және тіктелуіне жауап беретін - омыртқа болып табылады. Сондықтан омыртқаны түзетуге арналған жаттығуларды да ұмытпаған жөн.

  • Жұқа төсенішке отырып, аяқтарыңызды бүгіп, тізеңізді құшақтап алға қарай иіліңіз. Осы қалыпта төсенішке жатып бастапқы қалыпқа оралыңыз. Тізеңізді құшақтаған күйі осылайша бірнеше рет қайталаңыз.
  • Екі иықты барынша жоғары көтеру, кейін төмен түсіру жаттығуларын 20 рет қайталаңыз. Иықтарыңызды сәл артқа қарай тартып, көкірегіңізді алға шығарыңыз. Бұл жаттығуды да 20 рет қайталаңыз.

Осы секілді басқада омыртқаға арналған жаттығулар бүкіреюден құтылуға жәрдем бола алады.


Турникке асылу

  • Күнделікті турникке асылып 10 минуттай тұру қисайған, иілген сүйектердің қалпына келуіне сеп болады. Сол арқылы сымбатыңызды сымдай тартады.

Аударған: Г. Жумадиллаева,

ERNUR.KZ