Бір АПТАДА бойды ӨСІРУГЕ болады

0
20 812

Бұл жаттығулар бойды ғана өсіріп қоймай, жүрісіңізді де әдемі етеді.


Бір АПТАДА бойды ӨСІРУГЕ болады

Келісті келбет, әдемі мүсін, сұңғақ бой... Барлық адам өз бойынан сұлулық осы белгілерін іздейді. Келбетіне көңіл бөліп, құлпырып шыға келеді. Мінсіз мүсінге қол жеткізу үшін фитнеспен шұғылданады. Ал сұңғақ бой ше? Оның шешімін табуға келгенде көпшілігіміз тосылып қаламыз. Себебі адамның бойы тек 20 жасқа дейін ғана өседі деген заңдылық бар.

Бірақ Элис Робинсон есімді ағылшын әйелі бұл заңдылықты жоққа шығарды. Арнайы жаттығулардың арқасында ол бір аптада 1,5 см-ға дейін өскен. Элис мұндай нәтижеге омыртқаның созылуы мен омыртқааралық дискіні 1-2 мм ұзарту арқылы қол жеткізіпті. Сондай-ақ, түзу денесі де бірнеше сантиметрге дейін ұзаруына септігін тигізіпті. Элистің бой өсіру тәсілдерін біз де сіздерге ұсынамыз.

Адамның бойы тіпті ұйықтап жатқан уақытта да өсе береді. Шалқасынан 10 минут жатқан адам 5 мм-ге дейін ұзарады екен. Ал жаттығу жасағанда нәтиже бұдан да жоғары болады.


Велосипед тебу



Велосипед тебу - аяқты ұзартудың ең тиімді әдістерінің бірі. Велосипед айдау кезінде аяқ педальдарға жету үшін орындықты көтеру керек. Бірақ асыра сілтеп, шамадан тыс шұғылданбаңыз. Буындарыңызды зақымдап алуыңыз мүмкін.

Мұндай жаттығу үшін қарапайым велосипед те жарай береді.



Турникке тартылу



Бұл өте оңай жаттығу. Сізге турникке тартылудың қажеті жоқ, бар болғаны салбырап тұрсаңыз болғаны. Бірақ барынша ұзақ уақыт тұру қажет. Жаттығуды күнделікті қайталау арқылы уақытты ұзартыңыз. Шамаңыз келсе, екі аяқты тік күйінде алға көтеру, тізені бүгу сынды қимылдарды қосыңыз.



Иықпен тік тұру



Иықпен тік тұрып, аяқты барынша жоғары қарай итеріңіз. Бойды тіп-тік ұстауды естен шығармаңыз. Бұл қалыптан шығу үшін аяқты бірден төмен қарай түсірмей, жаймен бүйірге қарай аунаған жөн.


"Кобра" жаттығуы




Аталған жаттығудың омыртқа үшін пайдасы зор. Сонымен қатар, оны арқа бұлшықеттерін нығайту, пресс, бөксені әдемі ету үшін де орындауға болады. Бойдың өсуіне де айтарлықтай әсер етеді.



Иілу




Иілген уақытта аяқтарыңызды түзу ұстауға тырысыңыз. Ал саусақтарыңызды аяқтың ұшына дейін жеткізуіңіз керек. Бастапқы кезде бірнеше рет иілсеңіз, жеткілікті. Кейін келе жаттығудың санын арттырыңыз.


Секіргішпен секіру




Секіргішпен секіргенде баскетбол ойнап жатқан сияқты қимылды қайталау керек. Бұл жаттығу уақыт өте келе сүйектерді бірнеше сантиметрге ұзартады екен.


Жүзу




Бойды өсіруге арналған ең жақсы жүзу түру – бұл брасс әдісі бойынша жүзу. Яғни, аяқ пен қолды судан сәл шығарып жүзу. Егер сіз осы стильмен жиі жүзетін болсаңыз, денеңіз тұрақты созылып тұрады. Ал 2 сантиметрге немесе одан да ұзын болу үшін кем дегенде аптасына 3 рет бір сағаттан қарқынды түрде жаттығып тұру керек.


Бойды өсіру үшін тұрақты дене жаттығуларынан басқа, дұрыс тамақтану мен ұйқыға көңіл бөлу керек. Жеткілікті мөлшерде кальций, темір мен Д дәруменін қабылдау керек.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Аяғыңызды 20 минут көтерсеңіз 5 АУРУДАН құтыласыз


САУСАҚТЫ осылай ұстасаңыз НӘТИЖЕСІ таңғаларлық болады