МИ ЖҰМЫСЫН жақсартудың ЕҢ ОҢАЙ әрі ЕҢ ЖЫЛДАМ әдісі анықталды

0
859


МИ ЖҰМЫСЫН жақсартудың ЕҢ ОҢАЙ әрі ЕҢ ЖЫЛДАМ әдісі анықталды

Мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартып, ақыл-ой белсенділігін арттырудың сан түрлі амалы бар. Күнделікті пайдалы тағам тұтынудан бастап, жаңа дағдыларды меңгеруге дейін. Алайда бұл амалдарды іске асыру, нәтиже көру үші көп уақыт керек.


Нейробиологтар ми жұмысын жақсартудың ең қарапайым әрі ең жылдам әдісін анықтады. Бұл – жай ғана серуендеу. Нейробиолог, Нью-Йорк университетінің профессоры Вэнди Судзуки дың айтуынша, «10 минуттық серуендеу қорқыныш пен депрессия деңгейін төмендетеді, мидың жұмыс істеуін жандандырады».


Судзуки 10 минуттық серуеннің әсері «дофамин, серотонин сияқты нерохимиялық заттар көпіршігі толған ыстық бұлаумен» тең екенін жеткізді. Айлар мен жылдар бойы тұрақты серуендеу миды пайдалы нейрохимиялық заттармен ғана емес, сонымен қатар оның денсаулығын жақсартуға көмектесетін өсу факторларымен қамтамасыз етеді.


Жаяу серуендеу дағдысын бастауға ешқашан кеш емес. 75 жасқа дейін үйкүшік боп үйреніп қалғандар да осы жасынан кейін бастаса, біраз пайдасын алып үлгереді.

Физикалық белсенділік барлығына да пайдалы және ең жақсы жаттығу — қуаныш әкелетін жаттығулар.

UniSA жаңа зерттеуі жұмыс орнындағы денсаулықты жақсартуға арналған ойын бағдарламасына арналды. Ойын түрінде ұйымдастырылған күнделікті 15 минуттық қимыл-қозғалыс қызметкерлердің физикалық белсенділігін арттыратынын көрсеткен.

Аударған: Керім БЕК,

ERNUR.KZ