Жаттығудан кейін тынығуға болмайды

0
557

Бұл жүрекке де оңай тимейді.


Жаттығудан кейін тынығуға болмайды

Сурет: rosie.fi

Қазір сымбатын сақтау үшін фитнеспен, арықтау үшін түрлі жаттығумен айналысатын қыз-келіншектер өте көп. Алайда жаттығудан кейін жасалатын кейбір дүниелер сіздің бар еңбегіңізді жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан жасаған жаттығу тиімді болсын десеңіз, онда кейбір әдеттерді өзгертуге тура келеді. Фитнес залында немесе үйде жаттығуларды жасап болған соң төмендегі дүниелерді жасайтын болсаңыз, онда жаттығудың пайдасы болмайды және денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.


Тынығуға болмайды

Жаттығудан соң бірден диванға жантая кетіп, тынығуға болмайды. Бұл әркеттен бас тартыңыз. Жаттығудан соң міндетті түрде 10-15 минутты тыныс алу мен тамырдың соғуын қалыпқа келтіру үшін арнаңыз. Ақырын бөлмелердің ішін аралап шығуға немесе жақын маңдағы дүкенге барып қайтуға болады. Тек жүрек соғуы қалыпқа келген соң ғана отырып, теледидар тамашалаған дұрыс. Жаттығудан соң бірден қимылсыз қалу жүрек жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.


Бірден ұйқыға жатпаңыз

Жаттығудан соң дене ұйқыға дайындалуы керек. Тіпті қатты титықтап тұрсаңыз да, бірден ұйқтамаңыз. Ағза кемі екі сағат бойы қалыпты жағдайына түсуі керек. Сонда ғана денеңіз ұйқыға дайын болады. Егер жаттығудан соң бірден төсекке жатсаңыз, көліктің тежегішін бірден басқан секілді әсер болады. Бұл жүрекке де оңай тимейді.


Ағзаға күш салмаңыз

Фитнес залынан кейін жаттығуларды үйге келіп те қайталауға тырыспаңыз. Жоғарыда жаттығуды жасаған соң тынығуға және ұйықтауға болмайтынын айтып өттік. Бірақ, кейбір адамдар фитнес залдарындағы жаттығуды азсынып, үйге келген соң да жаттығу орындауға кіріседі. Бұл ағзаңызға күш түсіріп, соңы күйзеліске алып келеді. Тәулік бойы жасалған жаттығу сіздің артық салмағыңыздан арылуға көмектеспейді. Тек денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Есіңізде сақтаңыз, бір күн тыныққан соң ғана қайта фитнес залына баруыңызға болады.


Ақуызды арттырмаңыз

Ақуыз – біздің ағзамыздың ең маңызды «құрылыс материалы». Ол калорияны кетіру үшін қажет. Күнделікті салмағымыздың 1 келісіне 2 грамм ақуыз тұтынуымыз қажет. Десек те, бұл жаттығудан соң ақуызы мол тағамдарға қарай жүгіру керек дегенді білдірмейді. Адам ағзасы бір ретте 40 грамм ақуызды ғана тұтынуы керек. Ол көп түскенде бүйрек пен бауырдың жұмысына кері әсерін тигізеді.


Энергетикалық сусындар ішуге болмайды

Жаттығудан соң энергетикалық сусындарды мүлдем татып алмаған дұрыс. Ол зат алмасуды (метаболизм) баяулатады. Көптеген адамдар жаттығудан соң энергетикалық сусындарды ішу – зат алмасуды жылдамдатады деп ойлайды. Ал шын мәнінде бәрі керісінше жүреді. Энергетикалық сусындардың құрамында қант көп. Егер ағза көмірсулармен толса, онда ағзадағы майдан арылу қиындай түседі.


Тәтті тағамнан бас тарту қажет

Жаттығудан соң сіздің ағзаңыз калорияны «өте жоғары жылдамдықпен» жоюға кіріседі. Сондай жою процесі кезінде тәтті тағам жеу ағзаның жұмысын қалыптан ауытқытып жібереді. Негізінен жаттықтырушылар фитнес залынан кейін тек бір сағаттан соң ғана дастарханға отыруға кеңес береді.

Аударған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ