Әр өңірдегі газдың бағасы белгілі болды.
ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығымен қосылған құн салығын қоса есептегендегі автомобиль газының еліміздің барлық өңіріндегі бағасы бекітілді, деп жазады inbusiness.kz
• Астана – литрі 102 теңге (бұрын 82 теңге болған);
• Алматы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған);
• Шымкент – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған);
• Ақтөбе және Атырау облыстары – 77 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда – 82 теңге;
• Ақмола облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
• Алматы облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
• Жамбыл облысы – 90 теңге (бұрын 78 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;
• Батыс Қазақстан облысы – 77 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 82 теңге;
• Қызылорда облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;
• Маңғыстау облысы – 65 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда – 70 теңге;
• Павлодар облысы – 102 теңге (бұрын 81 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
• Солтүстік Қазақстан облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
• Түркістан облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;
• ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында – 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге.