Кәсіподақтар федерациясы – жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында басты медиатор, қоғамдағы ірі және қуатты азаматтық институттардың бірі.
ERNUR.KZ. Кәсіподақ — бұл қоғамдық бірлестік. Яғни, кез келген қызмет саласында қызметкерлердің басын біріктіріп, одақ мүшелерінің әлеуметтік — экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйым болып табылады.
Сондай-ақ, еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы – жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында басты медиатор, қоғамдағы ірі және қуатты азаматтық институттардың бірі. Ұйымның қызметі қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, өндіріс шарттарын жақсартуға, еңбек дауларын реттеуге бағытталған. Кәсіподақ тұжырымдамасында айтылғандай, қоғамның басты құндылығы ол – Еңбек адамы. Еңбек адамы нағыз жоғары құрметке ие. Ал кәсіподақтың алдында тұрған басты мақсат – жұмысшыларға жайлы еңбек жағдайын туғызу.
Осы орайда кәсіподақ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!