21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларға да беріледі

0
3 153

21 мың теңгелік жәрдемақыны көпбалалы отбасылар ғана емес, бір баласы бар аналар да ала алады.


21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларға да беріледі

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмектің жаңа шарттарын түсіндірді. Оған сәйкес, 21 мың теңгелік жәрдемақыға көпбалалы отбасылар ғана емес, бір баласы бар аналар да іліге алады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілуі шарт. Бұл - Президенттің тапсырмасы. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыда бір бала немесе екі бала болуы мүмкін ғой. Ондай отбасылардың бір айлық табысы адам басына шаққанда 20 789 (күнкөріс минимумның 70 проценті - авт.) аспаса, бір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы тағайындалады», - деді министрліктің баспасөз қызметкерлері.

Осы орайда мамандар бір баласы бар отбасына жаңа жәрдемақы төлеуге қатысты мысалды да келтірді. Мәселен, бір әйел жалғыз баласын асырап отыр. Ал оның бір айлық жалақысы 40 000 теңгені құрайды. Осы ақшаны екі адамға бөлгенде тура 20 000 мыңнан келеді. Демек, отбасының бір айлық табысы адам басына шаққанда күнкөріс минимумның 70 проценті - 20 789 теңгеден аспайды. Заң бойынша балаға 21 мың теңгенің жәрдемақыны төленуі керек.

«Ал анасына 20 000 мен 20 789 теңгенің айырмашылығы төленеді. Сонда баланың жәрдемақысын қосқанда аталған отбасы ай сайын 22 мың теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмекті алып тұрады», - деп атап көрсетті мамандар.