700-ге жуық колледж студенті жеке стартап жобаларын бастады

0
513

Мұндай стартап жобалар еліміздің барлық өңірлерінде құрылып, экономиканың түрлі салаларын қамтуда.


700-ге жуық колледж студенті жеке стартап жобаларын бастады

Қазақстанның 20 колледжінде «Business Startup» студенттік орталықтар құрылды. Бұл орталықтар студенттердің өз ісін ашуы үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде 700-ге жуық колледж студентінің қатысуымен студенттік орталықтарда 167 стартап-жоба жүзеге асырылуда. Мұндай стартап жобалар еліміздің барлық өңірлерінде құрылып, экономиканың түрлі салаларын қамтуда.

«Өңірлердегі «Business startup» студенттер орталықтары - тың бастамалар мен бизнес-идеяларды қолдау және жүзеге асыру алаңына айналуда. Осындай ең ірі жобалардың бірі Семей қаласының радиотехника және байланыс колледжінің студенттері құрған егістіктерді суарудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады. Сондай-ақ Алматыдағы Халықаралық бизнес академиясы колледжінің студенттері экологиялық таза, көп рет пайдалануға болатын қаптамалар жасауда. Кез-келген күрделіліктегі веб-сайттар мен мобильді қосымшалар жасау жобасы да табысты жүзеге асуда», – дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Қазіргі таңда қазақстандық колледждерде 540 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 70%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Оған қоса, жыл сайын кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 10 мың студент оқуға қабылданады.