Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді.
Абай облысының Семей қаласында бірнеше көшені су басып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды», - делінген хабарламада.
Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.
«Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды. Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Еріген суды сору жұмыстары аяқталды», - делінген ведомство хабарламасында.
ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.