Ақмола облысында 116 студент оқудан негізсіз шығып қала жаздаған

0
116

Облыстық прокуратура бұл келеңсіздіктің алдын алды


Ақмола облысында 116 студент оқудан негізсіз шығып қала жаздаған

© Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ Ақмола облысында 116 студент оқудан негізсіз шығып қала жаздады, деп жазады sputnik.kz.
"Жергілікті атқарушы орган грант негізінде білім алып жатқан 116 студенттің оқу ақысын аудармай, медициналық университеттерге 72,7 млн теңге қарыз болып қалған", - дейді ведомство.
Прокуратураның айтуынша, бұл қарыз былтырдан бастап жиналған. Салдарынан студенттер оқудан негізсіз шығып қала жаздады.
Қадағалау актісі бойынша берешек толық өтелді, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде 116 студенттің құқығы қорғалды.