"Бурабай-Жамантұз" курорты аралығындағы теміржол рельстерінен 19 жастағы Роман Бодаговтың денесі табылған болатын.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне қатысты іс сотқа жіберілді. Полицейлердің мәліметінше, 11 адам күдікті деп танылған. Олардың ішінде кәмелет жасқа толмаған бала бар. Күдіктілерге өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді және ақша бопсалады деген айыптар тағылып отыр, деп жазады zakon.kz.
Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын "Бурабай-Жамантұз" курорты аралығындағы теміржол рельстерінен 19 жастағы Роман Бодаговтың денесі табылған болатын.
Қайтыс болған студенттің ата-анасы, одан бәзбіреулер ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған еді.
Кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылып, ішкі істер министрлігі екі қылмыстық іс қозғады.