Ақсай шатқалында демалушы өзенге құлап, ауыр жарақаттанды

0
545

Ол жар шетінде ұйықтап қалған.


Ақсай шатқалында демалушы өзенге құлап,  ауыр жарақаттанды

ERNUR.KZ. Бүгін су айдындарында демалушылардың қаза болуына жол бермеу мақсатында жүргізілетін күнделікті кезекті рейдтік патрульдеу кезінде, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке мұқтаж демалушылар тобын кездестірген, деп жазады ҚазАқпарат.

Демалушылардың бірі жар шетінде ұйықтап қалған. Абайсызда аунамақ болған сәтте, Ақсай өзеніне, яғни тасты бетіне қарай домалап құлап кетеді. Осының салдарынан демалушы ашық бас жарақатын алған.

Туристер РЖҚЖ құтқарушыларынан көмек сұраған. Зардап шегушіні дереу құтқарушы-дәрігер қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Ер адамның жағдайы орташа ауыр болған. Шұғыл түрде демалушы жедел көлікпен Алматыдағы 7 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, шомылу маусымы басталғаннан бері Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары күн сайын су айдындарында және тау өзендерінің бойында рейдтік патрульдеуді жүзеге асыруда. Демалушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі және судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бар ақпараттық жадынамалар таратылады.