АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұр-Сұлтанға келді

0
916

Қазақстанға ол 5 қаңтар күні келуі керек болатын.


АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұр-Сұлтанға келді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенбі күні Қазақстан астанасына келді, деп жазады ҚазАқпарат.

Мұнда ол республика басшылығымен екіжақты және өңірлік қарым-қатынас пен жаһандық деңгейдегі мәселелерді талқыламақ.

Сапар аясында М.Помпеоның ел басшылығы мен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, Майк Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан мен Кипрге сапары 3-7 қаңтар аралығына жоспарланған.


Қазақстанға ол 5 қаңтар күні келуі керек болатын. 2 қаңтар күні Мемлекеттік хатшының Қазақстанды қоса алғанда 5 мемлекетке сапары АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігінің алдындағы тәртіпсіздіктерге байланысты тоқтатылғандығы мәлім болды.