Ақтауда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмағандар университетке кіре алмай жатыр

0
568

Ақтауда Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті студенттері қарашадан бастап екпе алмағандар сабаққа кіре алмайтынын айтты.


Ақтауда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмағандар университетке кіре алмай жатыр

ERNUR.KZ. Университетте екпе алмаған үш мыңға жуық студент бар, олар сабаққа қатыспағаны үшін оқудан шығып қалудан қорқады, деп жазады Tengrinews.kz.

Студенттердің айтуынша, Ashyq-та "жасыл" мәртебесі барлар ғана сабаққа қатыса алады.

"Сабаққа бара алмай жүргендер жетерлік, бірақ неге екені белгісіз, көбісі үндемейді. Сондықтан біз университет басшылығы әрекетіне наразы белсенділер тобын жинадық. Сабаққа қатыспағандарды белгілейді, олар оқудан шығып кетуі мүмкін" , - дейді студенттің анасы Марина Павловей.


Студенттердің ата-анасының айтуынша, олар балалары қандай негізде оқуға кіргізілмейтінін университет басшылығынан бірнеше рет білуге тырысқан. Айтуларынша, жергілікті санитария дәрігерінің қаулысында бейтарап "көк" статусы бар студенттерге сабаққа қатысуға рұқсат берілген.

Университеттің өзі профессорлық-оқытушылық құрамның жүз пайызы мен бес мыңнан аса студент вакцинациядан өткенін және университет олардың денсаулығына қауіп төндірмейтінін хабарлады. Мекеме басшылығы студенттерге екпе алу қажет екені туралы ескертілгенін айтты.

"Үкіметтің 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы коронавирусқа қарсы екпе міндетті екпелер тізіміне енгенін көрсетеді – бұл коронавирусқа қарсы вакцина. Қазақстан Республикасының "Денсаулық туралы" кодексі 80-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз денсаулығына қамқорлық жасауға, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтау үшін ортақ жауапкершілікте болуға міндетті", - деді университеттің маркетинг және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Жансая Смағұлова.

Студенттердің ата-анасы Білім және ғылым министрлігіне арыз жазған.

Бұған дейін Алматы қалалық санитарлық қызмет басшысының орынбасары Әсел Қалықова екпе алмаған балаларды оффлайн режимінде оқытуға шектеу қойылмайтынын айтқан болатын.