Ақтауда суға кеткен екі адамның бірінің денесі табылды

0
1 235

10 жастағы баланы іздестіру әлі жалғасуда.


Ақтауда суға кеткен екі адамның бірінің денесі табылды

ERNUR.KZ. Құтқарушылар 5 шілде күні «Шора» каналына шомылуға кетіп, қайтып оралмаған 25 жастағы жігіттің денесін тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

10 жастағы Әбуғали Еркебұланды іздестіру әлі жалғасуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы мәлімдеді.

Құтқарушылар 25 жастағы Толбай Серіктің денесін бүгін шамамен сағат 11-лерде «Шора» каналының бойынан тапқан.

Еске сала кетейік, 5 шілде күні 2 ағайынды жігіттің қала шетінен 25 шақырымда орналасқан «Шора» каналында шомылуға кетіп, оралмағанын жазған болатынбыз. Олардың қасында болған 21 жастағы әйелді жергілікті полиция қызметкерлері құтқарып қалған.

Осы «Шора» су каналы аумағында былтыр да бір адам ажал құшты.

Бұдан бөлек, Ақтаудағы 4-шағын аудандағы жағалау аса қауіпті саналады. Алайда, мұнда да ескерту тақтайшаларына қарап жатқан ешкім жоқ. Жасөспірімдер мен балалардың бәрі осында шомылады. Ал, Ақтау қаласынан 43 және 64 шақырымдағы жағалау да адам өмірі үшін қатерлі.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы облыста 7 адам суға кетті.