Прокурорлардың дерегінше мектептерде, арнайы оқу орындары, тіпті балабақшаларда жалған мамандар сабақ берген.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде дипломдарды саудалаған 19 интернет сайттың жұмысы тоқтатылды. Бұдан бөлек 34 оқытушы жалған дипломмен жұмыс істегені анықталған, деп хабарлайды Astana арнасы.
Прокурорлардың дерегінше мектептерде, арнайы оқу орындары, тіпті балабақшаларда жалған мамандар сабақ берген. Қазіргі кезде жаппай тексеру жұмыстары қолға алынды.
Жалған дипломдарда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін 2010 мен 2018 жылдар аралығында оқыған деп көрсетілген. Прокурорлар тексеруі барысында тіпті кейбір мамандықтарды даярлайтын факультеттер бұл оқу орнында сол жылдары болмағандығы анықтаған.
Бұл ретте бес оқытушы «фортепиано» мамандығы бойынша жоғарғы білім алғандығы туралы диплом негізінде музыка колледжінде еңбек етеді. Алайда, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мәліметіне сәйкес университет аталған пен бойынша мамандарды оқытып шығармаған, - дейді Ақтөбе қаласы Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Есет Әзімов
Сондай-ақ, 7 колледжде жоғарғы білімі жоқ ұстаздардың сабақ берген. Бұл жаңалық колледж басшылығы үшін төбеден жай түскендей әсер қалдырды. Өйткені ұстаздардың кейбірінің оқу орнында отыз жылдық еңбек өтілі бар екен. Шыңдық ашылған соң, барлығы қызметтен қуылған.
Қала мектептері де жалған дипломы бар ұстаздармен жұмыс істеген. Олар химия, биология секілді негізгі пәндерден сабақ беріп келген. Осындай жағдай қаламыздың 11 мектебінде орын алған.
Жалпы білім беру ұйымы кез-келген басшысы келген маманды жұмысқа қабылдаған кезде диплом жалған жалған еместігін анықтау, шынайы шынайы еместігін анықтау олардың құзырлығына жатпайды. Колледж басшысы не мектеп басшысы болсын келген маманды сәйкесінше өз пәні бойынша жұмысқа қабылдайды, - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.
Қазір 34 педагог бойынша анықтау жұмыстары қолға алынған.