​Ақтөбеде әмбебап кітапхана ашылды

0
2 552

Жаңа орталықты жабдықтауға бюджеттен 14 миллион теңге бөлінді.


​Ақтөбеде әмбебап кітапхана ашылды

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі кітапханалар заманауи үлгіде жаңартылып жатыр, деп жазады «Хабар 24».

Мәселен, Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында коворкинг орталығы ашылды. Бұл жерде жайланып отырып кітап оқып қана қоймай, ғаламдық желіні қолдануға да мүмкіндік бар. Оған қоса, мұндағы компьютерлер мен басқа да заманауи техниканы ақысыз қолдануға болады. Жаңартылған кітапханада барлық баспа түрімен онлайн танысуға жағдай жасалған. Жаңа орталықты жабдықтауға бюджеттен 14 миллион теңге бөлінді. Бұған дейін коворкинг орталығы облыстағы 6 кітапханада ашылған болатын.

Айнұр Келмағамбетова, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері:

- Тегін, E-GOV сайтына кіріп анықтамаларды да алуға болады. Бірнеше аймақтарға бөлінген. Отырып емін-еркін өздерінің ноутбуктерімен немесе осы жердегі ноутбуктерді пайдаланып дипломдық жұмыстарын, курстық жұмыстарын жазуға болады. Кітап оқуға болады. Интеллектуалдық алаңда шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойындары ойнауға болады. Зейнеткерлер де келеді, оқушылар да келеді, студенттер де келеді. Жас шамасына қарамаймыз.