Тізімге заңсыз 15 азамат енгізілген.
фото:Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Ақтөбеде тұрғын үйді бөлуде сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, деп жазады sputnik.kz.
Анықталғандай, "Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ-нің бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кезекте тұрмаған тұлғаларға пәтерлер бөлуді ұйымдастырған.
Тізімге заңсыз 15 азамат енгізілген.
"Схема бойынша бастапқыда тұруға жарамсыз тұрғын үйлерді беріп, кейін оларды жайлы пәтерлерге ауыстырып, тұрғын үй комиссиясымен заңсыз шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылған", - деп жазылған хабарламада.
Пәтерлер жекешелендірілген және сатылған, бұл пайдакүнемдік ниетін растайды, дейді прокурорлар.
Осы жылдың 29 сәуірінде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен кінәлі тұлға 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр, дейді прокуратурада.


