Алматы облысында ер адам атқа мінген күйінде дәмханаға кіріп кетті (видео)

0
953

Ол Текелі қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.


Алматы облысында ер адам атқа мінген күйінде дәмханаға кіріп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысында ер адам атқа мінген күйінде дәмханаға кіріп кетті. Полиция оны бұзақылық жасады деген күдікпен ұстады, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 17 қарашада Текелі қаласында орын алған. Куәгерлер атқа мінген күйі дәмханаға кірген ер адамды видеоға түсіріп алыпты. Артынша олар видеоны полицияға жіберген.

«Жедел іздестіру шараларының барысында бұзақылық жасады деген күдікті анықталды. Ол Текелі қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша жиналған материалдар сотқа жіберілді», - дейді полициядағылар.

Хабарланғандай, ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабына сәйкес жауапқа тартылып, Талдықорған әкімшілік сотының шешімімен 5 тәулікке қамалды.