Алматы облысында шина зауыты өртеніп жатыр - оқиға орнына министр барды

0
167

​Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі барды


Алматы облысында шина зауыты өртеніп жатыр - оқиға орнына министр барды

ERNUR.KZ. Алматы облысында шина шығаратын зауытта өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.


Зауыт Талғар ауданындағы Жаңалық ауылында орналасқан. Өрт қатты болып тұр.
"Өртті сөндіру жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделенуде", - дейді құтқарушылар.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ал өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі дабылмен келіп жетті.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің өзі барды. Министр өртті сөндіру жұмыстарын басқаруға кірісті.