Алматы цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды

0
869

Еңбек жолын 2009 жылы «Сұңқар» медициналық компаниясының Қытайдағы өкілі болып бастаған.


Алматы цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды

ERNUR.KZ. Қала әкімінің өкімімен Алматының цифрландыру басқармасына Баян Қоңырбаев басшы болып тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Баян Қоңырбаев 1986 жылы 27 тамызда туған. 2008 жылы Алматының энергетика және байланыс университетін бітірген. Ол — Цинхуа университеті (Қытай), Швейцарияның бизнес академиясы (Швейцария), Массачусетc технология институты (АҚШ) сынды шетелдік жоғары оқу орындарының түлегі.

Еңбек жолын 2009 жылы «Сұңқар» медициналық компаниясының Қытайдағы өкілі болып бастаған. Әр жылдары ҚХР, АҚШ компанияларында жұмыс істеген.

2018 жылдың маусымынан қазан айына дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сату департаментінің бас менеджері қызметін атқарған.

2018 жылдың қазанынан жаңа тағайындауға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бизнес трансформациясы департаментінің директоры лауазымында болған.

Еске сала кетейік, цифрландыру басқармасы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша құрылып отыр. Жаңа басқарманың міндеті — ақылды қаланың жаңа жобаларын енгізу, мемлекеттік қызметті автоматтандыруды аяқтау, Алматыда ИТ-сектор үлесінің артуына жағдай жасау.