Алматыда аудан әкімінің орынбасары 14 миллион теңге парамен ұсталды

0
828

Тергеу жалғасуда.


Алматыда аудан әкімінің орынбасары 14 миллион теңге парамен ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке ілінгені айтылады.

“Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды”, –делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан ақпаратта.

Тергеу жалғасуда.

“Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп қосты агенттік.