Алматыда қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар қыздың муралы пайда болды

0
486

Мурал 3 маусымға қараған түні Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында пайда болған.


Алматыда қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар қыздың муралы пайда болды

ERNUR.KZ. Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде оққа ұшып көз жұмған 4 жасар қыздың муралы пайда болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Кішкентай Айкөркемнің бейнесінің жанына «Қай аға мені атқан?» деген жазу мен #qazaqkoktemi және #qandyqantar хэштегтері жазылған.

Мурал 3 маусымға қараған түні Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында, бұрын Назарбаевтың кескіні тұрған қабырғада пайда болған.

Айта кетсек, 4 жастағы Айкөркем 7 қаңтарда аға-әпкелерімен бірге ашық дүкен іздеп жүргенде, қала орталығында оққа ұшып қаза тапқан болатын.