Алматыда коронавирус жұқтырған үш науқастың жағдайы өте нашар

0
824

Тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты үш науқас арнайы аппаратқа қосылған.


Алматыда коронавирус жұқтырған үш науқастың жағдайы өте нашар

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта Алматыдағы жұқпалы ауруханаларда 809 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп жазады zakon.kz.

Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр, 26-сы - ауыр, 228-і - орташа және қалғанының денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланады, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы.
Тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты үш науқас арнайы аппаратқа қосылған, олардың екеуінің жағдайы өте ауыр және біреуі - нашар деңгейде. Уақытша құрылған стационарларда 426 адам жатыр, оның 15-і - балалар, 304-і карантиндік мақсатта оқшауланған, ал 11 694 адам үй карантинінде, олардың барлығы медициналық жіті бақылауға алынған.