Бүгін сағат 07: 50 шамасында 102 шұғыл байланыс желісіне екі мас еркектің төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті.
ERNUR.KZ. Желіде тараған төбелестің видеосы полиция назарына ілікті. Видеода екі мас адам Наурызбай батыр мен Шевченко көшелерінің қиылысындағы автотұрақта өзара сөзге келіп, төбелеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін сағат 07: 50 шамасында 102 шұғыл байланыс желісіне екі мас еркектің төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті.
"Оқиға орнына жақын орналасқан мекеме әкімшісі белгісіз екі мас ер адам төбелесіп, әйнегін сындырғанына шағымданды. Екеуі де қамауға алынды. Жартылай жалаңаш адам медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді, ал оның 33 жастағы қарсыласы полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде, төбелестің себептері анықталуда. Одан соң төбелесқұмарлардың әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Есен Ысқақов.