Абырой болғанда, жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.
Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz- ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаментіне ойын-сауық мекемесінде мерекелік іс-шараны тойлап жатқан Алматыдағы бір жоғары оқу орынының студенттері төбелескені хабарланған.
Абырой болғанда, жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.
"Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі", – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.