Кадрлардан жаппай төбелеске шамамен 25-30 адам қатысты.
ERNUR.KZ. Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан жаппай төбелеске шамамен 25-30 адам қатысты. Төбелестің себебі әлі белгісіз. Видео сипаттамасында бұл университет жатақханасының бірінде болғаны жазылған.
"Жаппай төбелестің видеосын түне жіберді. Видео авторының айтуынша жаппай төбелес Алматыдағы Сатбаев университетінің жанында болған", - делінген хабарламада.
ІІМ-нің мәліметінше, 23 ақпанда 23: 00-де Алматы қаласының Бостандық ауданында жастар арасында жаппай төбелес болған.
"Патрульдік полицияның бірнеше экипажы төбелес орнына барды. Нәтижесінде 11 қатысушы ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Жанжалдың басқа жағдайлары анықталып жатыр", - деді полиция.