Ер адам өзінің қызметін 20 мың теңгеге бағалаған.
ERNUR.KZ. Алматыда Тәжікстаннан келген медициналық ЖОО студенті ПТР тест анықтамасын сатқан, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл туралы Алматы қалалық ІІД бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов жазды.
«Жедел іс-шаралар барысында анықталғандай, 25 жастағы Х. есімді медициналық университеттің студенті, жеке медициналық орталықтардың бірінде медаға болып жұмыс істейді. Бізге түскен жедел ақпарат бірнеше күн мұқият тексерілді. Және ол расталды. Ер адам өзінің қызметін 20 мың теңгеге бағалаған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ұсталған Х. Өз кінәсін мойындады. Ол тек бір ғана жалған құжат жасағанын айтты", - деді Рустам Әбдірахманов
Р.Әбдірахманов атап өткендей, қылмыстық эпизодтардың нақты саны қосымша тергеу барысында анықталады.