Алматыда жүргізуші жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған

0
135

Қақтығыстың себептері белгісіз.


Алматыда жүргізуші жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Желіде көлік жүргізушісінің жанында келе жатқан көлікке оқ атқаны түсірілген видео тарады.Оқиға Алматы қаласында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кадрлардан екі көліктің жолда қатар келе жатқанын көруге болады. Бір кезде қара Hyundai көлігінің жүргізушісі терезеден тапанша шығарып, көрші көлікке оқ атады.

Алматы полиция департаменті видеоға қатысты мәлімдеме жасап, видеодағы жүргізушілердің ұсталғанын хабарлады.

"Бұл факті бойынша Жетісу аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген полиция хабарламасында.