"Артымыздан қуып, өткір затты шаншыды": Қарағандыда қайыршы балалар мектеп оқушыларына шабуыл жасады

0
1 912

Қорыққан аналар балаларын АИТВ және гепатитке тест тапсыруға алып келді, олар полицияға жүгінбекші.


ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының орталығында қайыршы балалар қауіпті ойын ұйымдастырды. Олар мектеп оқушыларын қоршап алып, белгісіз үшкір заттармен тиіскен. Соның салдарынан бірнеше ана балаларын ЖҚТБ орталығына тексертуге алып келген, деп жазады Stan.kz.

“Сығандар келді. Уақыт сұрай бастады. Олар инелерді немесе шокерлерді денеме шаншып бастады. Өзіміз де түсінбедік. Олар бізге екінші рет тиісу үшін артымыздан қуалады”, – деді оқушы Арыстан Имажанов.

“Мына жерден бастап тықпалай бастады. Өткір бір зат болды”, – деді мектеп оқушысы Кирилл Леонтьев.

Қорыққан аналар балаларын АИТВ және гепатитке тест тапсыруға алып келді, олар полицияға жүгінбекші.

Ал полиция жағдайға қатысты түсініктеме бермеді. Дәрігерлер де камераға сөйлеуден бас тартты, бірақ олар аналар дұрыс жасады деп жауап берді. Сөздерінше, мұндай ойындар кезінде ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупі аз, бірақ гепатитті жұқтыру ықтималдығы өте жоғары. Енді балалар бірнеше рет тест тапсыруы керек.